RU KZ

Безеу жайлы ойлама,
өз қалпыңнан айныма!

Безеулі бөртпені емдеуге арналған гель

Серіктестерден сатып алыңыз:

Қарсы көрсетілімдері бар. Қолданар алдында маманмен кеңесу қажет.

КЛЕНЗИТ-С MS
Безеу бөртпесін емдеу үшін

Сыртқа қолдануға арналған біріктірілген препарат, әсер етуші заттары клиндамицин және микросфералық адапален болып табылады. Рецептісіз босатылады.

КЛЕНЗИТ
Жеңіл және орташа дәрежелі безеу бөртпесін емдеу үшін

Сыртқа қолдануға арналған препарат, әсер етуші заты табиғи А дәруменінің туындысы - адапален болып табылады. Рецептісіз босатылады.

КЛЕНЗИТ
SKINCARE

Акнеге бейім теріні терең және
ұқыпты тазартуға арналған құрал.

Мифтер мен шындық

1. Безеулер тек жасөспірімдерде
ғана пайда болады? 🤔

Олай емес. Иә, 12 жастан 19 жасқа дейінгі кезеңде безеулер барлығында дерлік көрініс береді. Бұл жыныстық жетілумен және организмнің сонымен байланысты гормоналдық өзгерістерімен түсіндіріледі. Бірақ безеулерді тек гормондар ғана тудырмайды. Себептері көп: дұрыс тамақтанбаудан ауыр ауруларға дейін (безеу бөртпесі қайдан пайда болатындығы туралы осы жерден көбірек оқы). Сондықтан, безеу кез келген жаста, тіпті ересектерде де шығуы мүмкін

2. Безеулерді сығуға бола ма?

Ешбір жағдайда болмайды!🙀 Бұл арқылы сен оларға лас пен жаңа инфекция түсіресің, ол безеулердің қайта шығуына алып келеді. Иә, косметологтар кәсіби емшаралар кезінде безеулерді сығады. Бірақ оны стерильді құралмен жасайды және ашылған тесіктердің барлығын емдік затпен дезинфекциялайды. Келісесіз ғой, мұның безеулерді үйде, айнаның алдында сығумен ортақ ештеңесі жоқ.

3. Барынша жиі жуыну керек?💦

Бұл пікір ішінара ғана дұрыс. Иә, бет терісін жүйелі түрде жуып отыру — тазалығының кепілі. Бірақ күніне екі рет, таңертең және кешке жуу жеткілікті. Ал шамадан тыс жиі жуу теріні құрғатып жібереді және оның тітіркенуін тудырады. Бұл өз кезегінде жаңа безеулердің пайда болуы қәуіпін арттырады.

4. 🌞 Күн сәулесі безеулерден арылтады?

Дұрыс емес. Күн сәулесі тері үшін қажет, оның әсерінен теріде маңызды D дәрумені түзіледі. Бірақ безеулер үшін бұл қандай-да бір ерекше рөл атқармайды. Және тіпті: күн сәулесі ваннасында жиі болу бет терісінің құрғауын тудыруы мүмкін. Бұл тері үшін тағы да зиян және безеу бөртпесінің пайда болуына себеп болуы мүмкін.

5. Секс безеулерден құтылуға көмектеседі?

Бірде бір ғылыми зерттеу жүйелі түрдегі жыныстық қатынас пен безеулер арасында айқын байланыс барын көрсетпеді. Жыныстық қатынаста болмау немесе болу безеулердің пайда болуына да, олардан құтылуға да әсерін тигізбейді.

6. Безеулер – майлы терінің еншісі? 😔

Мүлдем олай емес. Майлы тері майдың көп мөлшерін шығарады. Ал ол безеу тудыратын бактериялар үшін қоректік орта болып табылады. Алайда, безеулер терісі құрғақ немесе қалыпты адамдарда да туындауы мүмкін, біз ол туралы жоғарыда айтып өткенбіз.

7. Безеулерден айтарлықтай жылдам құтылуға болады💨

Халық емі мен ресми медицинадағы бірде бір дәрі, нәтижеге кепілдік бермейді. Және безеулерден құтылу үшін 12 айға дейін уақыт қажет болуы мүмкін.

8. 💊 Препараттар неғұрлым көбірек болса, жақсырақ бола ма?

Безеулерді емдеу — күрделі және ұзақ үдеріс. Бірақ барлығын бірден пайдалануға тырыспа! Бір мезгілде жағылған бірнеше емдік зат терінің емдеп-жазылуын жеделдетпейді. Кешенді түрде қолдану әлдеқайда дұрысырақ. Саған бұл жағдайда тек таңдап алған дәріні пайдаланып қана қоймай, белгілі бір гигиена ережелерін, диета және т.б. сақтау да керек (теріңізді қалай тазартуға болатындығын біл).

9. Безеулерді кетіруге ұрықтануға қарсы таблеткалар міндетті түрде көмектеседі

Безеу бөртпесін емдеу үшін ұрықтануға қарсы таблеткаларды тек дәрігер, тексеру жүргізгеннен кейін және қолданылу көрсетілімдері болған жағдайда ғана тағайындауы мүмкін. Әрине, емнің бұл әдісі ұл балаларға жарамайды.

10. Ең жақсы көмектесетіні «👵Әженің рецептілері» ме?

Халық арасында безеуді шөптер қайнатындысының, компрестер мен дуа оқудың көмегімен емдеу тәсілдері көп. Бірақ тиімділігі туралы айту қиын. Алайда, қолданғаннан бастап алғашқы апталарда-ақ сіздің теріңіздің жақсы көрінуіне көмектесе алатын препараттар бар.